"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 168-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      15-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялауды жүзеге асыру;

      15-3) құзыреті шегінде тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына рұқсаттар беру;";

      17) тармақша алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Ақтөбе облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030007, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 1б ғимараты.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Жамбыл облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 080000, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78-үй.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Түркістан облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше, 16 ғимарат.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Шығыс Қазақстан облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 5-үй.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады