2022 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 276 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 498 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) 8-тармағына сәйкес, Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Арыс қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Г. Құрманбекова

  Арыс қаласы әкімдігінің
"__" _____ 20__ жылғы
№ ___қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы

Ұйымның штаттық құрамы

Квота мөлшері (%)

Жұмыс істеп жатқан мүгедектер саны

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының саны (дана)

1

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Арыс аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1006

4

28

12

2

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының "Арыс қалалық ветеринарлық қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік комуналдық кәсіпорны

104

3

0

3

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№ 1 Е.Молдабаев атындағы жалпы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

252

4

4

6

4

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

141

3

3

1

5

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "С.Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

222

3

4

2

6

Барлығы

1725


39

24


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады