Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 291 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Отырар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Сұлтанханов

  Отырар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "31" қазандағы
№ 291 қаулысына қосымша

Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі) тұрғын үй қатынастары, инженерлік коммуникациялар, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар.

      3. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160700, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы, № 23.

      10. Осы Ереже Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      құқықтары:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      2) тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті;

      3) сотта талапкер және жауапкер болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құзырет шеңберінде айқындалатын тексерулерді жүзеге асыру кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқылы;

      5) тексеру жүргізу кезінде қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге кедергісіз кіруге міндетті;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

      міндеттері:

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсынуға міндетті;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) аудандық коммуналдық меншік объектілерін реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асырады.

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желілерін, аудандық маңызы бар жолдарды және ауданның көлік және инженерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін реконструкциялауды, жөндеуді, пайдалануды және күтіп ұстауды ұйымдастырады;

      5) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін басқарады;

      6) аудандық маңызы бар жолдарда, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың барлық түрлерінің орындалуын және бақылануын ұйымдастырады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;

      8) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекітеді, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткізеді және маршруттар бойынша жүру кестелерін бекітеді;

      9) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді;

      10) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;

      11) такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

      12) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

      13) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін бөлуді ұйымдастырады;

      14) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;

      15) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

      16) авариялық тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді азаматтардың меншігіне беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      19) кондоминиум субъектілерінің қызметіне лауазымды тұлғалардың тексеру жүргізеді, кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларын ұйымдастыруды және қызметін бақылауды қамтамасыз етеді;

      20) меншік иелері тастап кеткен тұрғын үйді анықтау бойынша жұмыс жүргізеді, жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығы бойынша сотта өкілдік етуді жүзеге асырады;

      21) сот тәртібімен тұрғын үй-жайлар түріндегі мұраны иесіз қалған мүлік деп тану жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      22) коммуналдық тұрғын үйде заңсыз тұратын адамдарды сот тәртібімен шығару бойынша жұмыс жүргізеді;

      23) қазандықтар мен жылу желілерін (магистральдық, кварталішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;

      24) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, кварталішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық паспорттарын береді;

      25) Отырар ауданының елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және санитариялық тазарту жөніндегі жұмыстардың орындалуына мониторинг жүргізеді;

      26) коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлейді және ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады;

      27) коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін әзірлейді және ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады;

      28) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      29) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады;

      30) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      31) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыс істеп тұрған көп пәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көп пәтерлі тұрғын үйдің астында орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ үй жанындағы жер учаскесіне арналған құжаттарды дайындау бойынша шығыстарды дайындауды және өтеуді пәтер иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда қамтамасыз етеді;

      32) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асырады;

      33) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

      34) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

      35) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережеде айқындалған өкілеттіктер шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік бақылау және қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік қадағалау функцияларын Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй инспекциясы жүзеге асырады;

      36) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      37) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;

      38) газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскелерін береді;

      39) елді мекен шекараларының шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

3- тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      19. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіпте Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, сондай-ақ осы Ереженің 24-тармағында көрсетілген бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіпте Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      6) өз құзыреті шегінде Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      7) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлердің штат санының лимиті шегінде Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      8) Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің балансында бекітілген мүліктің тиімді пайдаланылуы және оның сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      9) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

      10) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көрсетілген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар - 2050"коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар – Қызмет" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Отырар - Жылу" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады