"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 398 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-тармағы 5-1 тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы филиалы–телекоммуникациялар және инфрақұрылым объектілерінің құрылыс дирекциясының 2022 жылғы 4 тамыздағы № 09-06-18/218, 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 09-06-18/254 хаттарына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелерінде 1 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы (келісімі бойынша) құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.

      3. "Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Садибаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сауран ауданының әкімі Ғ. Рысбеков

  Сауран ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "08"желтоқсандағы
№ 398 қаулысына қосымша

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілейтін жерлердің
ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

№ қ/с

Жер пайдаланушылар атауы

Кадастрлық номер

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің орналасқан жері

Сервитуттың әрекет ету көлемі, (га)

Меншік түрі

1

2

3

4

5

6

7

1

Кентау қаласы әкімдігінің "Үшқайық ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

19-304-114-123

Елді мекен жайылым үшін

Үшқайық ауыл округі

2,31

жалға

2

Акилбеков Каликоз

19-304-099-119

шаруа қожалағын жүргізу үшін

Үшқайық ауыл округі

0,39

жалға

3

Пиримбетов Нышанбек

19-304-099-077

шаруа қожалағын жүргізу үшін

Үшқайық ауыл округі

0,30

жеке меншік

4

Қайназаров Мейірхан Тұрсынханұлы

19-331-048-012

шаруа қожалағын жүргізу үшін

Үшқайық ауыл округі

0,14

жалға

5

Даулетов Алжан Дуйсенбаевич

19-304-099-170

шаруа қожалағын жүргізу үшін

Үшқайық ауыл округі

1,52

жалға

6

Турысбеков Данияр Бектурсынович

19-304-114-118

шаруа қожалағын жүргізу үшін

Үшқайық ауыл округі

1,41

жалға

7

Турысбеков Данияр Бектурсынович

19-304-114-117

шаруа қожалағын жүргізу үшін

Үшқайық ауыл округі

0,28

жалға

8

Арысов Сабанбай

19-304-114-053

шаруа қожалағын жүргізу үшін

Үшқайық ауыл округі

0,32

жалға

9

Пазылбеков Жанибек

19-304-099-044

шаруа қожалағын жүргізу үшін

Үшқайық ауыл округі

0,58

жалға

10

Рамазанов Абай Серикбаевич

19-304-099-305

шаруа қожалағын жүргізу үшін

Үшқайық ауыл округі

0,69

жалға

11

Карабалаев Саби Амангелдиевич

19-304-114-121

шаруа қожалағын жүргізу үшін

Үшқайық ауыл округі

0,012

жалға

Аудан бойынша барлығы:




7,952



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады