"Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, 39-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына, "Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат санының лимиттері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 шілдедегі № 163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 274 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы бекітілсін.

      3. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Мыналардың:

      1) "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 181 қаулысының;

      2) "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 256 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт (С.К. Кусумбаев), қаржы (Д.Е. Рахметқалиев) басқармалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысы
әкімінің міндетін атқарушы
Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс Қазақстан облысы
қаржы басқармасының басшысы
_____________
2022 жылғы "6" желтоқсан
Д. Рахметқалиев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
_____________
2022 жылғы "6" желтоқсан
Ф. Бельбеев

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2022 жылғы "6" желтоқсандағы
№ 301 қаулысына 1 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070016, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қаныш Сәтпаев даңғылы, 82/8.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 29.12.2022 № 329 қаулысымен.

      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) Шығыс Қазақстан облысы аумағында спорттың барлық түрлерінің дамуына қолдау көрсету;

      2) дене шынықтыру және спорт саласында материалдық база құру және нығайту, тиісті инфрақұрылымдарды дамыту;

      13. Өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдардан, лауазымдық тұлғалардан, ұйымдар мен олардың жетекшілерінен, азаматтардан сұрау және алу;

      2) Басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;

      3) арнаулы білім және тәжірибені қажет ететін кеңес алу, мәселелерді зерттеу үшін кеңесшілерді (тәуелсіз кеңесшілерді) тарту;

      4) тұлғалардың Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттеріне жол бермеу және оларды жауапкершілікке тарту жөнінде құзыретті органдарға ұсыныс енгізу.

      Міндеттері:

      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім беруге;

      3) Басқарма осы Ереженің 14-тармағында көзделген функцияларды қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамасы шегінде өз миссиясын, міндеттері мен функцияларын орындау бойынша өзге де шараларды қабылдау.

      14. Функциялары:

      1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

      2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;

      4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;

      5) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

      6) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

      7) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

      8) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;

      9) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;

      10) спортшыларға: "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;

      11) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

      12) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;

      13) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      14) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;

      15) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;

      16) олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған, мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

      17) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған, мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

      18) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      19) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;

      20) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      21) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      22) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

      23) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;

      24) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

      25) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді;

      26) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді;

      27) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастырады;

      28) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

      29) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      30) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      31) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      15. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      16. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      18. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарма атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) шарт жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) банк шоттарын ашады;

      6) Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының, мекемелері мен ұйымдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлерін, сондай-ақ басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      8) басқарма қызметкерлері мен басқарма басшысы тағайындайтын өзге де қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды, ол үшін дербес жауапты болады;

      10) ерлер мен әйелдердің мемлекеттік қызметке олардың тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен және әкімімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған берілген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп-интернаты-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      4. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт-техника мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      5. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қажымұқан атындағы Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      6. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың жазғы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      7. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ауыр атлетика бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      8. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      9. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      10. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      11. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      12. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      13. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      14. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдердің шайбалы хоккей бойынша олимпиадалық резервтегі арнайы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      15. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      16. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      17. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтай ауданының Серебрянск қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      18. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Глубокое ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      19. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқарсасының "Зайсан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      20. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Катонқарағай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      21. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Күршім ауданының көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      22. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Самар ауданының балалар-жасөспірімдер ұлттық ат спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      23. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Самар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      24. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Риддер қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      25. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының балалар-жасөспірімдер ұлттық ат спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      26. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Тарбағатай ауданының Бақытхан Сайханов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      27. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      28. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының ат спортының ұлттық түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      29. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      30. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      31. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Өскемен қаласының спорт ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      32. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шемонаиха ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      33. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық волейболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      34. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2022 жылғы "6" желтоқсандағы
№ 301 қаулысына 2 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы

      Басқарма басшысы

      Басшы орынбасары

      Әкімшілік жұмыстар бөлімі

      Қаржы-экономика бөлімі

      Жоғары спорт жетістіктері және спорт резерві бөлімі

      Бұқаралық спорт бөлімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады