Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы №210 "Зеленов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 167 қаулысы

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің "Зеленов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 наурыздағы №210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5126 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы";

      1–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Зеленов ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:

      жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 28 наурыздағы
№ 210 қаулысымен бекітілген

      әдістеме атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі";

      1-тармақта "Зеленов ауданы әкімінің аппараты" деген сөздер "Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты" деген сөздермен ауыстырылсын";

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      41-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және (немесе) мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42-тармақ алынып тасталсын.

      1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының
мемлекеттік және жергілікті бюджеттен
қаржыланатын аудандық атқарушы
органдардың "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне 1-қосымша

      2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының
мемлекеттік және жергілікті бюджеттен
қаржыланатын аудандық атқарушы
органдардың "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне 2-қосымша

      3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының
мемлекеттік және жергілікті бюджеттен
қаржыланатын аудандық атқарушы
органдардың "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне 3-қосымша

      4–қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Бәйтерек ауданы әкімінің аппарат
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының
мемлекеттік және жергілікті бюджеттен
қаржыланатын аудандық атқарушы
органдардың "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне 4-қосымша

      5–қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты
мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының
мемлекеттік және жергілікті бюджеттен
қаржыланатын аудандық атқарушы
органдардың "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне 5-қосымша

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Токжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады