"Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 7С-2-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 22 қарашадағы № 8С-6-6 шешімі

      Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 7С-2-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8394 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихаты
төрағасының міндетін атқарушы
А.Балташева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады