"Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 12 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Сепе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне, қазаншұңқырдан су төгетін мұнарасына су құбырын салу үшін, жер учаскелерін алып қоймай жалпы 5 жыл мерзімге, ауданы 0,5353 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне қазаншұңқырдан су төгетін мұнарасына су құбырын салу кезінде жер учаскесін пайдаланған сәтте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сепе ауылдық округінің әкімі М.Тасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады