Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы

Жаңа

Постановление акимата Шортандинского района Акмолинской области от 21 ноября 2023 года № А-5/218

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес "Abay Gold" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2023 жылғы 4 қазандағы № ЗТ-2023-01963459 өтініші негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Abay Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2029 жылғы 4 сәуірге дейінгі мерзімге жалпы ауданы 1067,3679 гектар жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.

      2. "Abay Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:

      1) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы жазбаша хабарламалар (жария сервитут) жіберілсін;

      2) "Шортанды ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жария сервитут шарты жасалсын;

      3) Жұмыс аяқталғаннан кейін бұзылған жер учаскелерін тікелей мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру.

      3. Шортанды ауданының "Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:

      1) Осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;

      2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шортанды ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды ауданының әкімі С.Шабаров

  Қосымша Шортанды ауданының
әкімінің қаулысына
"21" қазан 2023 жылғы
№ А-5/218

Шортанды ауданында орналасқан жер учаскелерінің жария сервитуты қатты пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу үшін

Жер пайдаланушының/меншік иесінің атауы

Жария сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесінің ауданы

1

"Раевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

943,1520 га

2

Егемен ауылы

124,2159 га


Жалпы

1067,3679 га


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады