Талғар қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 шілдедегі № 6-26 бірлескен шешімі және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 07-285 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Талғар қаласы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысы негізінде, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талғар қаласының солтүстігінде орналасқан, атаулары жоқ көшелерге – "Қойгелді батыр" көшесі, "Бұғра хан" көшесі, "Мұқали батыр" көшесі, "Жошы хан" көшесі, "Берке хан" көшесі, "Тоқтамыс хан" көшесі, "Орақты батыр" көшесі, "Қапал батыр" көшесі, "Жолбарыс би" көшесі, "Кәмшат Дөненбаева" көшесі, "Балпық би" көшесі, "Өтеген батыр" көшесі, "Сәмен батыр" көшесі, "Олжабай батыр" көшесі, "Байзақ батыр" көшесі, "Жәңгір хан" көшесі, "Сұраншы батыр" көшесі, "Шернияз Жарылғасұлы" көшесі, "Шортанбай ақын" көшесі, "Мұрат Мөңкеұлы" көшесі, "Мұстафа Өзтүрік" көшесі, "Зылиха Тамшыбаева" көшесі, "Малайсары батыр" көшесі, "Жамал Қарши" көшесі, "Шақшақ Жәнібек батыр" көшесі, "Тәуекел хан" көшесі, "Бекет ата" көшесі, "Алаша хан" көшесі, "Қанай би" көшесі, "Өмірбек Байділдаев" көшесі, "Шоқыр Болтеков" көшесі, "Анырақай" көшесі, "Едіге" көшесі, "Айдархан Тұрлыбаев" көшесі, "Салық Зиманов" көшесі, "Ұлытау" көшесі, "Ақмешіт" көшесі, "Үкілі Ыбырай" көшесі, "Нарғозы Данаев" көшесі, "Сырбай Мәуленов" көшесі, "Шолпан Жандарбекова" көшесі, "Ишанбай Қарақүлов" көшесі, "Мұзафар Әлімбаев" көшесі, "Телжан Шонанұлы" көшесі, "Кемел Ақышев" көшесі, "Александр Сызғанов" көшесі, "Қали Жантілеуов" көшесі, "Қалихан Ысқақов" көшесі, "Қапан Бадыров" көшесі, "Нұртас Оңдасынов" көшесі, "Шона Смақанұлы" көшесі, "Құрманбек Жандарбеков" көшесі, "Әбу Сарсенбаев" көшесі, "Нұрмолда Алдабергенов" көшесі, "Ғали Орманов" көшесі, "Орынбек Жәутіков" көшесі, "Әбілахат Есбаев" көшесі, "Әзірбайжан Мәмбетов" көшесі, "Мүлқаман Қалауов" көшесі, "Сәкен Жүнісов" көшесі, "Жұмағали Саин" көшесі, "Мәлік Ғабдуллин" көшесі, "Мұхамеджан Қаратаев" көшесі, "Жолан Омаров" көшесі атаулары берілсін.

      2. Талғар қаласының солтүстік шығысында орналасқан, атаулары жоқ көшелерге – "Ұлықбек" көшесі, "Шора батыр" көшесі, "Әсет Найманбайұлы" көшесі, "Барақ Сұлтан батыр" көшесі, "Құрбанғали Халид" көшесі, "Сегіз сері" көшесі, "Бақтыгерей Құлманов" көшесі, "Арыстан баб" көшесі, "Бәйкен Әшімов" көшесі, "Сәлімгерей Жантөрин" көшесі, "Дүкенбай Досжан" көшесі, "Шығанақ Берсиев" көшесі, "Сейтқали Мендешев" көшесі, "Әзілхан Нұршайықов" көшесі, "Хамит Ерғалиев" көшесі, "Тұрмағамбет Ізтілеуұлы" көшесі, "Ақселеу Сейдімбек" көшесі, "Сәдуақас Ғылмани" көшесі, "Қалибек Қуанышбаев" көшесі, "Сұлтанахмет Қожықов" көшесі, "Жазылбек Қуанышбаев" көшесі, "Серәлі Қожамқұлов" көшесі, "Шаймерден Қосшығұлұлы" көшесі, "Әбілсейіт Айқанов" көшесі, "Елубай Өмірзақов" көшесі, "Смағұл Сәдуақасұлы" көшесі, "Жұмбақтас" көшесі, "Қосқұдық" көшесі, "Үшарал" көшесі атаулары берілсін.

      3. Талғар қаласының солтүстік батысында орналасқан, атаулары жоқ көшелерге – "Баян батыр" көшесі, "Сұлтан Баймағамбетов" көшесі атаулары берілсін.

      4. Талғар қаласының оңтүстігінде орналасқан атаулары жоқ көшелерге – "Томирис" көшесі, "Бәйдібек би" көшесі, "Ұрыс хан" көшесі, "Мөде қаған" көшесі, "Еділ қаған" көшесі, "Бумын қаған" көшесі, "Тоныкөк" көшесі, "Күлтегін" көшесі, "Тұяқберді Шәмелов" көшесі, "Сыпыра жырау" көшесі, "Домалақ ана" көшесі, "Әлішер Науаи" көшесі, "Жиембет жырау" көшесі, "Ағынтай батыр" көшесі, "Әлмерек абыз" көшесі, "Әнет баба Кішікұлы" көшесі, "Қожаберген жырау" көшесі, "Мұрат Айтхожин" көшесі, "Қосы батыр" көшесі, "Мөңке би" көшесі, "Тәтіқара жырау" көшесі, "Жасыбай батыр" көшесі, "Нияз би" көшесі, "Қабылиса жырау" көшесі, "Шал ақын" көшесі, "Бөлтірік шешен" көшесі, "Исатай батыр" көшесі, "Құнанбай" көшесі, "Мұса Шорманов" көшесі, "Майлықожа ақын" көшесі, "Мұхит Мерәліұлы" көшесі, "Бақтыбай ақын" көшесі, "Құман Тастанбеков" көшесі, "Шамғон Қажығалиев" көшесі, "Роза Жаманова" көшесі, "Спандияр Көбеев" көшесі, "Сүгір Әліұлы" көшесі, "Кенен Әзірбаев" көшесі, "Ыбырай Жақаев" көшесі, "Нығмет Нұрмақов" көшесі, "Шәкен Ниязбеков" көшесі, "Үшқоңыр" көшесі, "Темірбек Жүргенов" көшесі, "Жүсіпбек Елебеков" көшесі, "Карл Байпақов" көшесі, "Асқар Тоқпанов" көшесі, "Баубек Бұлқышев" көшесі атаулары берілсін.

      5. Талғар қаласының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      "Бауман" көшесі – "Ақтерек" көшесіне, "Валиханов" көшесі – "Ш.Уалиханов" көшесіне, "Вавилова" көшесі – "Ақсай" көшесіне, "Гайдара" көшесі – "Ақкент" көшесіне, "Гастелло" көшесі – "Шағырақ" көшесіне, "Державин" көшесі – "Жерұйық" көшесіне, "Джалиля" көшесі – "Мұса Жалел" көшесіне, "Жуковского" көшесі – "Аягөз" көшесіне, "Заслонов" көшесі – "Көктем" көшесіне, "Илийская" көшесі – "Іле" көшесіне, "Иссыкская" көшесі – "Есік" көшесіне, "Клочкова" көшесі – "Сабыр Рахимов" көшесіне, "Курчатов" көшесі – "Темірбек Жүргенов" көшесіне, "Кутузов" көшесі – "Ермек Серкебаев" көшесіне, "Леонов" көшесі – "Нұрлы Жол" көшесіне, "Лобачев" көшесі – "Лашын" көшесіне, "Луговая" көшесі – "Махамбет Өтемісұлы" көшесіне, "М.Залки" көшесі – "Григорий Потанин" көшесіне, "Маршака" көшесі – "Торғай" көшесіне, "Матросов" көшесі – "Қадыр Мырза Әли" көшесіне, "Нахимов" көшесі – "Орбұлақ" көшесіне, "Павлов" көшесі – "Наурызбай батыр" көшесіне, "Пастера" көшесі – "Мұхамеджан Сералин" көшесіне, "Покрышкин" көшесі – "Тұмар" көшесіне, "Полбин" көшесі – "Есет батыр" көшесіне, "Пржевальский" көшесі – "Талас" көшесіне, "С.Ковалевская" көшесі – "Көксу" көшесіне, "С.Перовская" көшесі – "Хантау" көшесіне, "Тимирязев" көшесі – "Сәбит Мұқанов" көшесіне, "Циолковского" көшесі – "Амангелді Иманов" көшесіне, "Чкалова" көшесі – "Шалқар" көшесіне, "Солнечный" қиылысы – "Отау" қиылысына, "Т.Рысқұлов" қиылысы – "Наурызым" қиылысына, "Левитан" көшесі – "Какимбек Астаев" көшесіне, "Суворов" көшесі – "Жүніс Тазабеков" көшесіне.

      6. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданының әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      7. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданының әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар аудандық мәслихатының төрағасы М. Алибеков
      Талғар ауданының әкімі Т. Айдарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады