Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі Дмитриевка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Абай облысының ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 28 наурыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Бородулиха ауданы Дмитриевка ауылдық округі Дмитриевка ауылының көшелері қайта аталсын:

      "Ленин" көшесі "Абай" көшесіне;

      "Киров" көшесі "Жібек Жолы" көшесіне;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Дмитриевка ауылдық округінің әкімі Қ. Нұрлыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады