"Байзақ аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы №25-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 3 шілдедегі № 5-3 шешімі

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 190 Жарлығына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Байзақ аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы №25-4 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 2131 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған шешіммен бекітілген Байзақ аудандық мәслихатының регламентінде: бүкіл мәтін бойынша "мәслихат хатшысы", "мәслихат хатшысының", "мәслихат хатшысы", "мәслихат хатшысына", "мәслихаттың хатшысы", "мәслихат хатшысын", "мәслихатының хатшысы", "жаңа хатшыны", "мәслихаты хатшысының" деген сөздер тиісінше "мәслихат төрағасы", "мәслихат төрағасының", "мәслихат төрағасы", "мәслихат төрағасына", "мәслихаттың төрағасы", "мәслихат төрағасын", "мәслихатының төрағасы", "жаңа төрағаны", "мәслихаты төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      төрағасы Б. Ақбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады