Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Жаңа

Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 шешімі

      Қазақстан Республикасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды осы шешімнің қосымшасына сәйкес берілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.Шингисов

  Ұлытау облыстық мәслихатының
VIII сессиясының
2023 жылғы 5 желтоқсандағы
№92 шешіміне қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша тізбесі

      1. "Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы" - "Этеплирсен" препараты;

      2. "Муковисцидоз" - "Тобрамицин" препараты;

      3. "Өкпе артериялық гипертензиясы ересектер" - "Силденафил" препараты;

      4. "Өкпе артериялық гипертензиясы ересектер" - "Риоцигуат" препараты;

      5. "Кәмелетке толмаған идиопатиялық артрит" - "Голимумаб", "Адалимумаб" препараты;

      6. "Бехтерев ауруы" - Инфликсимаб препараты;

      7. "Созылмалы идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура" - "иммуноглобулин G (адамның қалыпты)" препараты;

      8. "Жүрекшелердің созылмалы фибрилляциясы (атриальды фибрилляция)" - "Ривароксабан" препараты;

      9. "Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозын облитерациялау" - ривароксабан препараты;

      10. "Жүйелік склеродерма" - "Метилпреднизолон" препараты;

      11. "Ревматоидты артрит" - "Адалимумаб" препараты;

      12. "Басқа нақтыланған жүйелік зақымдану" - "Анакинра" препараты; 13."Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы" - "Олодотерол" препараты;

      14. "Ойық жаралы колит" - "Адалимумаб" препараты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады