Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы "Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" № 13-42 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-68 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 10886 тіркелген) сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы "Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" № 13-42 шешімімен бекітілген Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "3-1) ірі габаритті қалдықтар – мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "7-1) мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:

      1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;

      3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.

      Жеке және заңды тұлғалар құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізеді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жұмыскерлер контейнерлерден мамандандырылған көлікке түсіру кезінде төгілген қоқыстарды дереу жинайды.";

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізген адамдар күнтізбелік отыз күн ішінде бүлінген және (немесе) бұзылған абаттандырудың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіреді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер тротуарларының жабындарын қозғайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды жүргізген адамдар бастапқы жабын материалынан бүлінген және (немесе) бұзылған жабынның бастапқы пайдалану сапасын қалпына келтіреді.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді."

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. Қанағатовқа жүктелсін (келісім бойынша).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Тойлыбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады