"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 14 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 28.09.2023 № 14 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар мен жылу электр орталықтарынан басқа) жылумен жабдықтау саласында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты.";

      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) құқықтар:

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар мен жылу электр орталықтарынан басқа) жылумен жабдықтау саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде орындауға міндетті құқықтық актілерді қабылдайды;

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптама комиссияларын құрады;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;

      орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасады;

      Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      2) міндеттері:

      өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер мен түсіндірмелер береді;

      Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне және мемлекеттік органдарға бұл туралы ресми сауал жолдаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;

      Комитет теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді;

      белгіленген мерзімдерде бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасайды және Министрлікке ұсынады;

      Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) объектілердің мониторингін жүргізу;

      4) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу;

      5) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      6) өз құзыреті шегінде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

      7) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

      8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнаманың нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

      9) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүргізу;

      10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялардың және аттестаттардың тізілімін жүргізу;

      11) объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;

      12) жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу;

      13) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізу;

      14) жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімін жүргізу;

      15) жобалау және құрылыс процесіне қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізілімін жүргізу;

      16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу;

      18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын әзірлеу;

      19) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      20) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;

      21) жобалау саласында қолданыстағы жаңа нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және қолданыстағыларын қайта қарау бойынша ұсыныстарды енгізу;

      22) құрылыста жобалау және баға белгілеу мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен ынтымақтастық жасау;

      23) үлгілік жобалау құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;

      24) өз құзыреті шеңберінде жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау, келісу және бекітуге дайындау;

      25) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылықты жүзеге асыру;

      26) ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобалары және үлгілік жобалық шешімдерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу;

      27) құрылыстағы баға белгілеу мен сметалық нормалар бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;

      28) құрылысқа енгізіліп жатқан жаңа технологияларды талдау арқылы қолданыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды жаңарту;

      29) сметалық-нормативтік базаның ағымдағы жағдайын, құрылыс ресурстарына арналған ағымдағы бағаларды мониторингілеу және баға белгілеу шеңберінде ағымдағы бағалардың жинақтарын бекіту;

      30) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілердің құрылысы саласындағы баға белгілеу және экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;

      31) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру;

      32) құрылыстағы жаңа технологиялардың Бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жүйелі түрде жаңарту;

      33) жұмыс жүргізу технологияларының тізбесін қалыптастыру және жүргізу;

      34) құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар тізбесін қалыптастыру және жүргізу;

      35) құрылыс материалдарының, бұйымдарының, жабдықтарының ағымдағы бағаларын мониторингілеу, өңдеу және талдау негізінде сметалық-нормативтік базаны жаңарту;

      36) технологиялық карталарды әзiрлеу, бекіту және қолданысқа енгізу;

      37) терможаңғыртуды ескере отырып, үлгілік көп пәтерлі үйлердің жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету.

      38) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

      39) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және оның жүргізілуін бақылау;

      40) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу және келісу;

      41) мемлекеттік және өңіраралық маңызы бар аумақтарды қала құрылысына игеру кезінде аумақтарды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу.

      42) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық саласында ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      43) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың іске асырылуын жүзеге асыру;

      44) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық саласында орындалған, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекіту;

      45) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      46) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, бекітуді, қолданысқа енгізуді және жоюды ұйымдастыру;

      47) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

      48) объектілерді жобалауға арналған техникалық арнайы шарттарды қарау және келісу;

      49) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердiң, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын жүргізу;

      50) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау мен iске асыру және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестiру;

      51) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесін қалыптастыру және жүргізу;

      52) құрылыс конструкцияларының, бұйымдарының және құрылыс материалдарының тізбесін қалыптастыру және жүргізу.

      53) тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға қатысу;

      54) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      55) тұрғын үй мәселелері бойынша мониторинг жүргізу, ақпарат жинау және оны қорытындылау;

      56) тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      57) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпаратты жинау;

      58) салааралық үйлестіруді қалыптастыруға және жүргізуге қатысу, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар мен жылу электр орталықтарынан басқа) саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;

      59) мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;

      60) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне, су бұру жүйесіне сарқынды суларды қабылдауға, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалануға мониторинг жүргізу;

      61) елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтардан мен жылу электр орталықтарынан басқа) саласында әдістемелік қамтамасыз ету;

      61-1) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу;

      61-2) кәріздік тазарту құрылыстарын салу, реконструкциялау, жаңғырту жобаларын іріктеу үшін әдістемелік қамтамасыз ету;

      62) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдардың мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;

      63) ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды реконструкциялау, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

      64) жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу мен субсидиялауды жүзеге асыру;

      65) тұрғын үй қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      66) тұрғын үй қорының жай-күйін мониторингілеуді жүзеге асыру;

      67) тұрғын үй көмегін көрсету мониторингін жүзеге асыру;

      68) кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді жеткізуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлеу;

      69) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
М. Қарабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады