"Balhash Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкімінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1 бабына сәйкес, "Balhash Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры А.С. Жанабаеваның өтінішін қарастырып, 2022 жылғы 08 желтоқсандағы пайдалы қатты қазбаларды барлау №1922–EL лицензия негізінде, Гүлшат кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Balhash Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін, Гүлшат кенті, кенттің шығыс жағында орналасқан, ауданы 216,5 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай лицензия мерзіміне сәйкес 2028 жылдың 08 желтоқсанға дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. "Balhash Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).

      3. "Гүлшат кенті әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Гүлшат кентінің әкімі Р. Қасенхан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады