Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 60/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 3692,9413 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 22 маусымына дейін жария сервитут белгіленсін.

      2. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р.Кенжебеков

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 16 қарашадағы
№ 60/03
қаулысына қосымша

"Қазхром" трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

р/с №

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы, кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым, гектар

Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар

1

Бейсенбин Сабыржан Кайырберлинович 09-102-010-245

332,6500

330,6500


2

"Ақирек" шаруа қожалығы 09-102-010-259

423,7500

422,7500


3

Муханов Аспандияр Умирбекович 09-102-010-154

2470,8100

2463,8100


4

Нүркен ауылдық округі Жалаңтөс ауылының жерлері

465,7313

463,7313



Барлығы

3692,9413

3680,9413



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады