Жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаракөл ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 1-22/4 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19,69 – баптарына сәйкес, "Мобайл Телеком – Сервис" ЖШС хатының негізінде Қарқаралы ауданының Қаракөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Мобайл Телеком – Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қарқаралы ауданы, Қаракөл ауылдық округі, Қаракөл ауылы жерінде талшықты – оптиқалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу және пайдалану үшін, жалпы көлемі – 0,0440 га меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 5 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарқаралы ауданының Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалына жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаракөл ауылдық округінің әкімі Н. Смагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады