Шет ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 7/70 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келгенденсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9946 тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32927 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шет ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:

      1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

      ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

      ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.

      2. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит, басшы лауазымдардағы адамдарды қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ауылдық жерлерде жұмыс істеп, тұратындарға беріледі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет аудандық мәслихатының төрағасы С. Социал

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады