Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 22/185 "Ақжігіт ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 2/13 шешімі

      Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ақжігіт ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 мамырдағы №22/185 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3604 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Ақжігіт ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      3 тармақта:

      тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";

      оныншы абзац алып тасталсын.

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімді ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы А.Бораш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады