Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Төлеп ауылы әкімінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 69 - баптарына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына және жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Алиев Молдабай Баярдовичке Төлеп ауылы, Балуанияз көшесі №31/1 жерінен газ құбырын жүргізу үшін алаң 0,0017 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерізімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Төлеп ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы шешімді ресми жариялауға жіберуді;

      Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Алиев Молдабай Баярдовичке:

      "Азаматтарға арналған үкімет" "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - Тіркеу және жер кадастыры бойынша Бейнеу ауданы бөлімінен Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік тіркеуден өту ұсынылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі А.Сейилханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады