Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 2330 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 914, № 915, № 916, № 917 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша су құбыры мен канализация коллекторын жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2023 жылғы 23 қарашадағы
  № 2330 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қайырбеков көшесінен ет комбинатына дейін Орджоникидзе көшесі бойынша су құбырын жүргізу үшін, жалпы алаңы 1,014 гектар;

      2) Тарана көшесінен Ленин көшесіне дейін Темірбаев көшесі бойынша коллекторды жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,0825 гектар;

      3) О. Досжанов көшесі бойынша сыртқы канализацияны жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,126 гектар;

      4) Садовая көшесі, 49 бойынша 66 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы канализацияны жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,26 гектар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады