"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. "Мобайл Телеком Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылы аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,912 гектар жер учаскесіне 1 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауылдық округінің әкімі Г. Жандильдина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады