Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 146 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 - бабының 5-1) тармақшасы және 69 бабына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл аудандық жер телімін беру жөніндегі комиссия отырысының 2023 жылғы 10 ақпандағы № 3 хаттамасы және жерге орналастыру жобасы негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Су қубырына қызмет көрсету мақсатында "Әулиекөл ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округінің аумағында орналасқан алаңы 0,6108 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Әулиекөл ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Теменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады