Қоғамдық құру жер учаскелеріндегі сервитут туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 82 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округі Ливановка ауылына газ құбыры трассасын тарту және пайдалану үшін" "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жалпы ауданы 37,55 га (26 817 метр х 14 метр / 10 000) жер учаскесіне қоғамдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамассыз етілсін:

      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау және Эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді қамтамасыз етілсін;

      2) Осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етілсіні.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тлеубергенов А.Т.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады