Белгілеу туралы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына шектеулі нысаналы құқық жер пайдалану (қоғамдық сервитут) жер учаскесіне

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 18-ш шешімі.

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Заречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына "Қостанай облысы B2G сегмент үшін ВОЛС құрылысы" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Заречный ауылдық округі, Заречное ауылы, Ленин көшесі, мекен-жайы бойынша орналасқан, бағдарлау ауданы 0,0972 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің 05.04.2024 № 6-ш шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны әкімдік ауданының интернет-ресурсына орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Заречный ауылдық округінің әкімі Н. Исмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады