2024 жылға арналған Ақтогай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 104/13 шешімі

      Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 126 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" № 72 бұйрығына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылға арналған Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары:

      1) көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

      ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;

      ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада ұсынылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Ташенев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады