Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 7-23-5 "2023 жылы Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеуге және тұруға үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 8-7-2 шешімі

      Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Айыртау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 7-23-5 "2023 жылы Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеуге және тұруға үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік провавалық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9946 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілді:

      аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына, "Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрықтарына сәйкес, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келгендерге" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85702 болып тіркелген), "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183404 тіркелген), Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:"

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы Г. Абулкаирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады