Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8-11-2

      Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа еңгізіледі - осы шешімнің 3-тармағымен.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына, "Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, "Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №126 бұйрығына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2024 жылы Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне берілсін":

      1) айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшеріне тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-ауданның әкімшілік орталықтары болып табылатын ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада; ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада келген мамандар үшін бюджеттік кредит.

      2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандарына да қолданылады.

      3. Осы шешім ресми жариялануға тиіс және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық
мәслихатының төрағасы
Г. Әбілқайырова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады