"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 212 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;

      ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырсын;

      жоғарыда көрсетілген Ережені тіркеуші органда тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тимирязев ауданы әкімінің м.а Р. Рамазанов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тимирязев ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы "29" қыркүйектегі
  № 212 қаулысымен
  бекітілген

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі қарай-Бөлім) Тимирязев ауданы аумағында әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқару, реформаларды тереңдету бойынша Үкімет шараларын іске асыру тетігін жетілдіру, Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүзеге асыру саласында басшылықты іске асыратын, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің "Аудандық мәдениет Үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, бюджет және қаржы заңнамаларына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңымен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделетін басшының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 151100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 1.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметiн қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілермен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге мемлекеттік басқару саласындағы заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Тимирязев ауданының аумағында тұрғындардың мәдени деңгейiн көтеруге және мәдениет, өнер және тілдерді дамыту саласын дамытуға бағытталған мәдениет, өнер және тілдерді дамыту облыстарында мемлекет саясатын жүргiзу;

      аудан мәдениетiнiң дамуы туралы бағдарлама мен тұжырымдама дайындап аудан әкiмдiгiнiң қарауына ұсыну, аудан ішіндегі саяси жағдайды талдау, оның өркендеуін болжау, қоғамдық пікірлерді зерттеу, мемлекеттік саясатты түсіндіру, ақпаратты-насихаттау топтарының қызметін үйлестіру, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялармен өзара іс-қимыл жасау, әлеуметтік – экономикалық және саяси сұрақтар бойынша ақпараттарды өңдеп және жинап, оларды бұқаралық ақпарат құралдарға шығуын қамтамасыз ету, жастар саясаты саласындағы бағдарламаны жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауданның аумағында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен орналасуының мониторингі;

      Азаматтардың діни сенімінің еркіндігі құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      Азаматтардың діни сенімінің еркіндігі құқықтарын іске асыру, діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан үдерістерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;

      мәдениет мекемелері, кітапханалар қызметін және ауданда тілдерді дамыту бойынша мақсатты бағдарламаның орындалуын үйлестiру;

      ауданның мәдени-ағарту және бос уақыт мекемелерi мен кәсiпорындарына басшылық жасау;

      аудан аумағында тұрып жатқан ұлттар мәдениетiн дамыту және сақтау өзара қарым-қатынасын қалыптастыру үшiн жағдайлар жасау;

      басқа, аудандар, облыстар республикалардың мәдени ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнату, сондай-ақ халықтар арасындағы достастық және өзара түсіністік мүддесінде шет елдiк әрiптестермен тәжiрибе алмастыру мақсатында байланыс орнату;

      көркемөнерпаздар шығармашылығын насихаттау және дамыту, халықтың көркем кәсiпшiлiгі мен қолөнерiн жаңғырту, халық ауыз әдебиетiн, ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлердi, тұтастай алғанда ұлттық мәдениеттi сақтау және дамыту, тарихи-мәдени мұраларды пайдалану және қорғау, халыққа видео және кино көрсету қызметiне бақылау жасау;

      тарихи және мәдени ескерткiштердi пайдалануды ұйымдастыру және қорғауды жүзеге асыру;

      Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу;

      Мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының өзге тiлдерiн дамыту саласында белгіленген тәртіппен фестивальдер, конкурстар, байқаулар, көрмелер және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

      Бөлімнің құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде соттарда білдіру;

      Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктеме беру;

      ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік басқару органдарымен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      ақпараттық саясат және басқа жұмысты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру бойынша жергілікті бағдарламаларды қаржыландыру туралы ұсыныстар енгізу;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      15. Функциялары:

      Аудан ішіндегі саяси жағдайды талдау, оның өркендеуін болжау, қоғамдық пікірлерді зерттеу;

      Ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық келісім, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

      діни қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

      ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдерді өткізу және жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

      мемлекеттік саясатты түсіндіру, ақпаратты-насихаттау топтарының қызметін үйлестіру;

      қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялармен өзара іс-қимыл жасау;

      әлеуметтік-экономикалық және саяси сұрақтар бойынша ақпараттарды өңдеп және жинап, оларды бұқаралық ақпарат құралдарға шығуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлықтары, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкімдік қаулылары, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі есептерді даярлау және бақылауды жүзеге асырады;

      Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлауды ұйымдастырады;

      Мәдениет үй мен клубтардың, бос уақыт орталықтарының, кітапханалардың және басқа да мәдениет мекемелерінің қызметін үйлестіреді, оларға әдістемелік көмек көрсетеді;

      Республикалық және жергілікті мәдени іс-шараларды қамтамасыз етеді;

      тиісті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және мекемелерден Бөлімге жүктелген ақпараттық міндеттерді орындау үшін өз құзыреті шегінде ақпарат алу;

      өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      Бөлім басшысының лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін Бөлім басшысы тәртіптік жауаптылықта болады. Бөлім басшысы қарамағындағылар арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі міндетке жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) сенімхатсыз Бөлімнің мүдделерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіреді;

      2) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие, шарттар жасасады, сенімхаттар береді;

      3) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізеді;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      6) техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Бөлімнің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын Бөлім қызметкерлерін жұмысқа тағайындайды, босатады, тәртіптік жаза және көтермелеу шараларын қолданады;

      7) Бөлім бойынша бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады;

      8) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес оның өкілеттіктерін оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөліп алу, бөліп беру, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады