"Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 915 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабын басшылыққа алып, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Атырау қалалық әкімдігінің 2022 жылдың 9 маусымдағы № 1321 "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Қалауи

  Атырау қаласы әкiмдігінің
2023 жылғы "18" мамырдағы
№ 915 қаулысына қосымша
  Атырау қаласы әкiмдігінің
2023 жылғы "18" мамырдағы
№ 915 қаулысымен бекітілген

"Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттiк мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шектерде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы №101а, пошта индексі – 060005.

      9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Бөлімнің мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған табыс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      - қалалық коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау, абаттандыру, көгалдандыру, тұрғын үй қатынастары, тұрғындармен қарым-қатынасты үйлестіру жұмысы, энергетика және байланыс, сол сияқты осы саладағы тауар, жұмыс және қызмет көрсетулердi, мемлекеттiк сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      - Бөлім құзыретіне кіретін қала әкімдігінің және (немесе) әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу

      - заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді сұратуға, сондай-ақ мәліметтерді басқа мемлекеттік органдарға ұсынуға;

      - Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      - Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен қала әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау.

      14.Функциялары:

      1) энергетика және байланыс кәсiпорнының жұмысын жетiлдiру жұмысын уақтылы талдау;

      2) көше жарығын және басқа да қала инфрақұрылымы объектiсiнiң жұмысын жетiлдiру және жүзеге асыру;

      3) энергетика және байланыс саласындағы жөндеу бойынша тапсырыс техникалық қадағалау қызметiн жүзеге асыру, соның iшiнде:

      4) қоғамдық ұйымдардан, халықтан түсетiн ақпараттардан жарықтандыру деректер банкiн қалыптастыру, байланыс жұмысын жақсарту жөнiнде ұсыныс жасау,

      5) бөлiмге келiп түскен арыз-шағымдармен жұмыс;

      6) қала аймағы бойынша тұрғын үй қарым-қатынасы мемлекеттiк саясатының негiзгi бағыттарын жұмылдыруды iске асыру;

      7) пәтердi жекешелендiру, қағаздарын реттеу, бөлу, тiркеу жұмыстары;

      8) халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар;

      9) мекен-жайы бойынша есепке алу және кезектi тiзiм жасау;

      10) тұрғын үй көлемiн жекешелендiру жөнiнде азаматтардың арыздарын тiркеу және жекешелендiру келiсiм-шартын дайындау;

      11) меншiк нысанына қарамастан босаған пәтерлерге жүйелi қадағалау жасау;

      12) пәтер қорын және тұрғын үй аймағын өз орнымен пайдалануын арнайы мемлекеттiк қызметпен бiрге тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;

      13) бөлiмге қатысты тұрғын үй сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау мәселелерi;

      14) бөлiмге түсетін азаматтардың өтініштерін, шағымдарын ұсыныстарын қарау;

      15) бөлiмге қатыcты функцияларды орындау үшiн мекеме, ұйымдардан керектi құжаттарды, мәлiметтердi алу;

      16) алмастыруды әзiрлеу және тұрғын-үймен қамтамасыз етуге есепке алу үшiн қажеттi құжаттарды азаматтардан талап ету;

      17) заң бұзушылық әрекеттерi анықталған жағдайда құжаттар дайындау және беру жұмыстарын тоқтату;

      18) облыстық мекемелерден, қала әкімі және аудан аппаратының бөлімдерінен мәліметтер сұрау;

      19) қаржының тиімді пайдалану жөнінде өздеріне қарасты мекемелерден қаржы шығыны жөнінде тексеру жүргізу;

      20) бөлім бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Бөлім басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Бөлімнің қызметін ұйымдастырады және басқарады;

      2) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттермен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

      4) бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады, олардың өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан өкілдік етеді;

      8) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға, қабылдау, тіркеу және есепке алу бойынша дербес жауапты болады;

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көдер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бөлім және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады