"Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 29 мамырдағы № 100 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Д.Тәжібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды
      Е.А. Әлімқұлов
      Е. Кенжеханұлы
      Н.О. Көшеров
      Б.Д. Тәжібаев
      Қ.Ә. Қайыпбек
      А.Б. Тасыбаев

  Түркістан облысы әкімдігінің
2023 жылғы "29" мамырдағы
№ 100 қаулысы

"Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Басқарма) спорт және дене шынықтыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамада белгiленген тәртiппен басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешiмдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, 162 квартал, участок 118, пошталық индексi 161200.

      10. Осы Ереже басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер басқарманың заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерiнiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу орындарында қоғамдық тәртiптi сақтау;

      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерiн дамыту;

      3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      4) әлеуметтiк және бiлiм беру функцияларын, сондай-ақ ерiктi қызмет қағидатына негiзделген олардың құрылымының ерекшелiгiн ескере отырып, спорттың барлық түрлерiн дамытуға жәрдемдесу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      заңнамамен бекiтiлген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, басқа да ұйымдардан өз қызметiн жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер сұратуға, сондай-ақ, басқа мемлекеттiк органдарға мәлiметтер ұсыну;

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша облыс әкiмдiгiне ұсыныстар енгiзу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын дайындауға қатысу;

      Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      15. Функциялары:

      1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым құру;

      2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, облыстық, оның ішінде ардагер спортшылар арасында спорттық жарыстар өткізу;

      3) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесіп дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган өткізетін республикалық және халықаралық спорт жарыстарын, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысу;

      4) спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру;

      5) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету және ұйымдастыру;

      6) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      7) облыс әкімдігіне дене шынықтыру даярлығының, оның ішінде бейімдемелі дене шынықтыру мен спорттың балалар-жасөспірімдер клубтарын құру туралы ұсыныстар енгізу;

      8) білім басқармасының келісімі бойынша тұрғындар үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс шараларды өткізу мақсатында сабақтан тыс және кешкі уақытта спорт ғимараттарын білім беру ұйымдарын пайдалану жөнінде шаралар қабылдау;

      9) спортшыларға "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат", 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру, спортшыларды спорттық разрядтардан айыру;

      10) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру, біліктілік санаттарынан айыру;

      11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін бекіту және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

      12) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді үйлестіру;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімде облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсыну;

      14) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асыру;

      15) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру;

      16) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келісу;

      17) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша құрама командалардың облыстық тізімдерін қалыптастыру және бекіту;

      18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

      19) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      20) дене шынықтыру және спорт іс - шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

      21) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіру;

      22) спорт мектептеріне, спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру;

      23) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келісу;

      24) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

      25) облыс әкімдігіне дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісімді бекітуге спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлеу және ұсыныстар енгізу;

      26) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастыру;

      27) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырыс бекіту бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

      28) мемлекеттік спорттық тапсырыс қызметтерін көрсетушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету;

      29) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

      30) өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттiк органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқарма басшысына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Басқарма бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарма бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

      1) басқарма қызметiн ұйымдастырады және басқарады;

      2) басқармаға жүктелген мiндеттер мен қызметтердiң, облыс әкiмi мен жетекшiлiк ететiн облыс әкiмi орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;

      3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқарманың қызметкерлерiн, сондай-ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқарманың қызметкерлерiнiң, "сондай-ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларының мiндеттерi мен уәкiлеттiктерiн анықтайды;

      5) басқарма атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;

      6) мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдарда басқарма мүддесiн ұсынады;

      7) келiсiм-шарттар жасасады;

      8) сенiмхаттар бередi;

      9) банкте шоттар ашады;

      10) өз уәкiлеттiгi шегiнде барлық басқарманың қызметкерлерiне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

      11) басқарманың қызметкерлерiне, қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сыйақы шараларын белгiлейдi және тәртiптiк жаза қолдана алады;

      12) сыбайлас жемқорлықтың көрiнiстерiне қарсы әрекеттердi күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;

      13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкiмдiгi мен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      Басқарманың бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4-тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:

      коммуналдық мемлекеттiк мекемелер:

      1) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облысының Олимпиада резервін даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      2) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      3) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      4) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бекзат Саттарханов атындағы Түркістан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      5) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық мүгедектерге арналған "Сауран" спорт клубы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      6) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық № 1 олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      7) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық № 2 олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      8) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық № 3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық № 4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық № 5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық № 6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық су спорты түрлерiнен олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      13) Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған облыстық футбол мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      14) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Арыс қалалық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      15) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Арыс қалалық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      16) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Арыс қалалық № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      17) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Кентау қалалық Б.Саттарханов атындағы № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      18) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Кентау қалалық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      19) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Кентау қалалық № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      20) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Кентау қалалық № 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      21) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан қалалық № 1 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      22) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан қалалық № 2 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      23) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан қалалық № 3 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      24) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан қалалық № 4 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      25) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан қалалық № 5 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      26) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бәйдібек аудандық № 1 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      27) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бәйдібек аудандық № 2 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      28) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бәйдібек аудандық № 3 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      29) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жетісай аудандық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      30) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жетісай аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      31) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жетісай аудандық № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      32) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Келес аудандық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      33) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Келес аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      34) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қазығұрт аудандық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      35) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қазығұрт аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      36) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қазығұрт аудандық № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      37) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қазығұрт аудандық № 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      38) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мақтаарал аудандық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      39) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мақтаарал аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      40) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ордабасы аудандық № 1 Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      41) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ордабасы аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      42) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ордабасы аудандық № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      43) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Отырар аудандық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      44) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Отырар аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      45) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Сайрам аудандық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      46) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Сайрам аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      47) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Сайрам аудандық № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      48) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Сарыағаш аудандық Қажымұқан атындағы № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      49) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Сарыағаш аудандық № 2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      50) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Сарыағаш аудандық № 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      51) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Сарыағаш аудандық № 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      52) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Созақ аудандық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      53) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Созақ аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      54) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Төлеби аудандық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      55) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Төлеби аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      56) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Төлеби аудандық № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      57) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түлкібас аудандық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      58) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түлкібас аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      59) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түлкібас аудандық № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      60) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түлкібас аудандық № 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      61) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шардара аудандық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      62) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шардара аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      63) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шардара аудандық № 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

      мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорындар:

      64) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық Әбдiсалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

      65) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлерiнен мамандандырылған балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

      66) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қыран" футбол клубы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

      67) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бәйшешек" спорттық-сауықтыру кешенi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

      68) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық дәрiгерлiк - дене тәрбиесi диспансерi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;

      69) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Тұран" ойын түрлері клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      70) Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Орталық су-спорт кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      71) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Тұран" кәсіби футбол клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      72) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Turkestan-Arena" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      73) Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түркістан" кәсіпқой бокс клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады