Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайларды белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 -бабының 4 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде берiлетiн үй-жайлар тiзбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ж.Тасов

  Кентау қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 23 ақпандағы
№ 62 қаулысына қосымша

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде берiлетiн үй-жайлардың тiзбесі

р/с

Мекеменің атауы

Орналасқан жері

1

Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының акт залы

Кентау қаласы, Әл-Фараби көшесі №90

2

№7 колледжінің акт залы

Кентау қаласы, Ерубаев көшесі №15

3

Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясының акт залы

Кентау қаласы, Құралбаев көшесі №83

4

Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейінің акт залы

Кентау қаласы, Панфилов көшесі №50

5

Ә.Молдағұлова атындағы №19 мектеп-лицейінің акт залы

Кентау қаласы, Сейфуллин көшесі №168

6

Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебінің акт залы

Кентау қаласы, Алтынсарин көшесі №15

7

№10 орта мектебінің акт залы

Кентау қаласы, Ромах көшесі №48

8

Жастар ресурстық орталығы

Кентау қаласы, Абылайхан көшесі №10

9

Қарнақ жалпы орта мектебінің акт залы

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Түркістан көшесі №65

10

Төрткүл-төбе жалпы орта мектебінің акт залы

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Құсшыата елді мекені, Сатпаев көшесі №2

11

Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы

Кентау қаласы, С.Бәйтереков көшесі №2Б

12

Кентау оқушылар үйінің акт залы

Кентау қаласы, Б.Момышұлы көшесі, № 51

13

Ж.Жабаев атындағы №7 жалпы орта мектебінің акт залы

Кентау қаласы, Ащысай ауылы, Құлымбетов көшесі №45

14

С.Қожанов атындағы №9 жалпы орта мектебінің акт залы

Кентау қаласы, Байылдыр ауылы, Чехов көшесі №19

15

А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектебінің акт залы

Кентау қаласы, Хантағы ауылы, Рысқұлбеков көшесі №3

16

Қашғари атындағы мектеп-лицейінің акт залы

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Ш.Қанайұлы көшесі №1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады