Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 5 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 43 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталаған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері ретінде қала аумағын көріктендіру мен тазалау белгіленсін.

      2. Түркістан қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдардың жазаны өтеу орындары болып Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің "Жасыл Түркістан" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен "Түркістан жарық-тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таңдалсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Оразбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н.Тұрашбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады