Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 24 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37-бабына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Заңының 28-бабының 4 және 6 тармақтарына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы С.Тулегеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н.Тұрашбеков

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2023 жылғы " 31 " қаңтардағы
№ 24 "Сайлау өткізу кезеңінде
кандидаттардың сайлаушылармен
кездесу өткізу үшін үй-жайларды
белгілеу туралы" қаулысына
қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде белгіленетін үй-жайлар тізімі

      1. Түркістан қаласы, С.Қожанов көшесі н/з, № 2 "Хамза" атындағы жалпы орта мектебінің акт залы;

      2. Түркістан қаласы, Шойынбет би көшесі н/з, № 23 жалпы орта мектебінің акт залы;

      3. Түркістан қаласы, Көктонды Әулие көшесі № 13, № 24 жалпы орта мектебінің акт залы;

      4. Түркістан қаласы, Сығанақ көшесі № 2а, № 27 жалпы орта мектебінің акт залы;

      5. Түркістан қаласы, Н.Оңдасынов көшесі н/з, № 17 Ататүрік атындағы мектеп гимназиясының акт залы;

      6. Түркістан қаласы, Ататүрік көшесі № 114, № 5 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залы;

      7. Түркістан қаласы, Төле би көшесі № 119а, № 16 Т.Бигельдинов атындағы жалпы орта мектебінің акт залы;

      8. Түркістан қаласы, Сандыбай көшесі № 54, № 18 Ж.Еділбаев атындағы жалпы орта мектебінің акт залы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады