Қауымдық сервитут белгілеуді мақұлдау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 11 мамырдағы № 187 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16, 17, 43 және 69 бабтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "3-Энергоорталық" акционерлық қоғамына Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі аумағында магистралды газ құбырының құрылысын жұргізу үшін жалпы көлемі 27,0 гектар жер учаскесіне жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгілеу мақұлдансын.

      2. Сервитут белгілеу туралы түпкілікті шешім қабылдауды Түркістан облысы әкімдігінен сұралсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады