"Zaure Group" ЖШС – не жылыжай шектеулі пайдалану құқығымен қауымдық сервитут орнату туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 20 шілдедегі № 143 шешiмi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 19, 32, 36, 43, 67, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-VКРЗ "Құқықтық актілер туралы" заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы, 1-тармағы, 8–тармақшасының негізіге ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1."Zaure Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақсукент ауылдық округі, Ақсу ауылы, 120 - орам аумағынан жылыжай кешеніне арналған жалпы көлемі 0,6 гектар жер учаскесін аспалы – электр желісін пайдаланушы үшін, 5 (бес) жыл дейінгі мерзімге уақытша өтеусіз шектеулі жер пайдалану құқығына қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақсукент ауылдық округінің әкімі А.Бурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады