Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. "Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне газ құбырын жүргізу және пайдалану үшін Жартытөбе ауылдық округі, Бабата елді мекенінен 25,732 га, Жартытөбе елді мекенінен 1,4704 га, Аққолтық елді мекенінен 1,2312 га, барлығы 28,4336 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге сервитут белгіленсін.

      2. "Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Жартытөбе ауылдық округінің әкімі Б.Есенқабыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады