Барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізінде үй-жайлар беру туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 24 шілдедегі № 480 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4-тармағына, "2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Республикалық референдум өткізуге, Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттығына, қала, ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін, коммуналдық меншіктегі үй-жайларды шарттық негізінде бірдей және тең шартта беру аудандық экономика және қаржы бөліміне және қала, ауылдық округ әкімдеріне тапсырылсын.

      2. Барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізінде үй-жайлар осы қаулының қосымшасына сәйкес берілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Ж.Жолдасбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі Т.Телғараев

  Төлеби ауданы әкімдігінің
2023 жылғы "24" шілдедегі
№ 480 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар тізімі

Төлеби ауданы

1

Ленгір қаласы, Төлеби көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты

2

Бірінші Мамыр ауылдық округі, Бірінші Мамыр ауылы, Д.Үмбеталиев көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі" ғимараты

3

Қоғалы ауылдық округі, Диханкөл ауылы, Бәйтерек көшесі,Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Диханкөл" ауылдық клубы ғимараты

4

Қаратөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, С.Абдулла көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Қаратөбе" ауылдық клубы ғимараты

5

Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылы, М.Әуезов көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Тасарық" ауылдық клубы ғимараты

6

Қасқасу ауылдық округі, Қасқасу ауылы, Қуандық көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Қасқасу ауылдық мәдениет үйі" ғимараты

7

Көксәйек ауылдық округі, Көксәйек ауылы, Төлеби көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Жеңіс" ауылдық клубы ғимараты

8

Киелітас ауылдық округі, Достық ауылы, Астана көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№16 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты

9

Кемеқалған ауылдық округі, Абай ауылы, Аманта көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қазығұрт жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты

10

Аққұм ауылдық округі, Жаңаұйым ауылы, Тастөбе көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жаңаұйым жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты

11

Алатау ауылдық округі, Қайнар ауылы, Мектеп көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Қайнар" ауылдық клубы ғимараты

12

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі, Сарқырама ауылы, Д.Қонаев көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Сарқырама ауылдық мәдениет үйі" ғимараты

13

Зертас ауылдық округі, Зертас ауылы, Еламан-Сауран көшесі, Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Төлеби аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Зертас ауылдық мәдениет үйі" ғимараты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады