Көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 112 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Т.Рысқұлов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 3 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылындағы "1 микрорайон" көшесінің атауы "Шамшырақ" деп өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Майлыкент ауылдық округінің әкімі Қ.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады