Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 131 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес Келес ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе, Бірлік, Ошақты ауылдық округтері аумағында орналасқан жалпы көлемі 18,6873 гектар жер учаскесіне "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2031 жылдың 12 қазанына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Келес ауданы әкімінің орынбасары С.Джилкибаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Келес ауданы әкiмi Ж.Агибаев

  Келес ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 10 шілдедегі
№ 131 қаулысына қосымша

"SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскілеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері

Жер пайдаланушылар атауы

Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

Соның ішінде

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

Оның ішінде

егістік

Оның ішінде:

Көп жылдық екпелер

Шабындық

жайылым

Суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Ақтөбе ауылдық округі

3,99409

3,52752

-

-

-

-

3,52752

2

Бірлік ауылдық округі

11,52774

7,78412

-

-

-

-

7,78412

3

Ошақты ауылдық округі

3,1655

3,1655

-

-

-


3,1655


Барлығы

18,68733

14,47714

-

-

-

-

14,47714

      Кестенің жалғасы

елдi мекендердің жері

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер

орман қорының жерлері

су қорының жерлерi

Босалқы жерлер

10

11

12

13

14

15






0,46657






3,74362






3,1655






7,37569


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады