Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес ауданы Ошақты ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 114 шешiмi

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы-жобаларды басқару дирекциясына Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі, Ошақты елді мекені М.Құрбанов және С.Мұқанов көшелерінің бойынан талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысы үшін жалпы көлемі 0,0221 га жер телімін, жерді меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы-жобаларды басқару дирекциясы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтасын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ошақты ауылдық округі әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы Т.Орынбаев

  Ошақты ауылдық округі әкімінің
2023 жылғы "11" желтоқсандағы
№ 114 шешіміне қосымша

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы-жобаларды басқару дирекциясына магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері.

Жер пайдаланушылар атауы

Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

Соның ішінде

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

Оның ішінде

Егістік

Оның ішінде: Суармалы егістік

Көп жылдық екпелер

Шабындық

Жайылымдық

Елді мекендердің жері

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзгеде жер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи -мәдени мақсаттағы жер

Орман қорының жерлері

Су қорының жерлері

Босалқы жерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15


Ошақты ауылдық округі

0,0221

-

-

-

-

-

-

0,0221

-

-

-

-

-


Барлығы

0,0221







0,0221






















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады