Батыс Қазақстан облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоксандағы № 317 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоксандағы № 8-4 бірлескен қаулысы мен шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына Батыс Қазақстан облысының келесі білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау жөніндегі ұсыныстар енгізілсін:

      1) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің "Жайық негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәндібек Хаировтың есімін беру;

      2) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің "Федоровка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің "Ғұмар Қараш атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің "Восход негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің "Ақсоғым негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің "Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің "Сырым Датұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2. "Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын қажетті шараларды алсын.

      Облыс әкімі Н. Төреғалиев
      Облыстық мәслихат төрағасы М. Мұқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады