Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 28 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 - бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Саус Урал Ресорсиз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Қайыңды және Егіндібұлақ ауылдық округтері аумақтарында орналасқан жалпы алаңы 6600 гектар және 4200 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 27 маусымына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 55 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8082 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 25 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Мұғалжар ауданының әкімі Д. Ермағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады