Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 04 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 14000 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "КазГеополюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер қойнауын геологиялық барлау жұмыстары үшін 2029 жылдың 21 маусымына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады