"Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 922 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 1-тармағына, 39-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберсін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2024 жылғы ____________
№ _______ қаулысына қосымша

"Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Республика даңғылы №12А құрылыс, индексі 160005.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарма орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаты және өкілеттіктері

      13. Мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Шымкент қаласы аумағында тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасу;

      тұрғын үй қатынастары саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік органдардан және басқа да мекемелерден Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында мәліметтерді сұрату;

      Басқарманың құзіретіне қатысты қала әкімінің өкімі, қала әкімдігінің қаулысы және мәслихат шешімі жобаларын даярлауға қатысу;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2) Міндеттері:

      тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды беруді жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында айқындалған шарттарда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруді жүзеге асырады;

      ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес қорытынды мәліметтерді толтыра отырып, тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді қамтамасыз етеді және пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алуды жүзеге асырады;

      мемлекеттің мүдделерін білдіру және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғайды;

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырады;

      2) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      3) жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда жиналыс шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды және дайындау бойынша шығыстардың орнын толтыруды қамтамасыз етеді;

      4) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынады;

      5) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асырады;

      6) заң актілеріне сәйкес Басқарманың теңгеріміндегі коммуналдық меншікті басқарады және оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және тәртіппен тұрғын үйлерді тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;

      8) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;

      9) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды жүзеге асырады;

      10) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайға мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді;

      11) келесі мәселелер бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы қарауына енгізілетін материалдарды дайындауды жүзеге асырады:

      коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын кезектен шығару және қалпына келтіру;

      коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу және жекешелендіру;

      12) коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінген пәтерлердің жалдау шарттарын рәсімдейді және оларды мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізеді;

      13) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғынжаймен қамтамасыз етеді;

      14) Қазақстан Республикасы азаматтарын еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етеді;

      15) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;

      16) азаматтық-құқықтық шарттар негізінде мүлікті сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады;

      17) тұрғын үй қатынастары саласына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды Шымкент қаласы аумағында іске асырады;

      18) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстар жүргізеді;

      19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмыс жоспарларын бекітеді;

      2) Басқарманың атынан әрекет етеді;

      3) сенімхаттар береді;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарманың қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) Басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      7) Басқармада "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының орындалуына дербес жауапты болады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарма қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады