Мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімдерін алып қоюға байланысты жер телімдерін және (немесе) өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 16/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 84,85,86,87,88 бабтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 63 бабына сәйкес, "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы "Жезқазған-Қарағанды" учаскесіндегі қайта жаңарту жобасын іске асыру мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес,жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң мәжбүрлеп иеліктен шығару күнінің бастау күні болып белгіленсін.

      3. "Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі", "Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылдық округі әкімінің аппарты", "Жаңаарқа ауданының Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппарты" мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында қарастырылған осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер пайдаланушыларға мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімдері алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны туралы жазбаша хабарлама жолдасын.

      4. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иесі Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кенті, Тәуелсіздік даңғылы № 5/1 мекенжайдағы "Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне хабарлассын.

      5. "Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулы шыққан уақыттан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы қаулының әділет органдарында тіркелуін, ресми жариялануын қамтамасыз етсін және оның орындалуы бойынша қажетті басқа да шараларды қабылдасын.

      6. "Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      7. Осы қаулының орындалуын аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әбдіғожинға жүктелсін.

      Аудан әкімі Қ. Қожықаев

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 15 ақпандағы
№ 16/01 қаулысына қосымша

Жер иеленушінің Т.А.Ә.

Кадастрлық №

Жер телімінің заңды мекен-жайы

Жер телімінің көлемі,га

Санаты

1

Оспанов Бауыржан Нажитович

25-104-014-277

Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.

7,1615

Жайылым

2

Бодыков Дюсенбай Жалгауович

25-104-014-269

Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.

12,4219

ТЖ жайылым*

3

Оспанов Бауыржан Нажитович

25-104-014-272

Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.

20,8892

ТЖ жайылым*

4

Култанов Темирхан Култанович

25-104-014-270

Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.

13,2833

Егістік

5

Рсалдин Ханислам Жумажанович

25-104-014-266

Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.

2,6727

ТЖ жайылым*

6

Жунусбеков Жубаныш Бейбитович

25-104-014-271

Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.

13,4135

Жайылым

7

Шагиров Меиржан Киякович

25-104-014-268

Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.

10,2508

ТЖ жайылым*

8

Тусупов Досым Кудайбергенович

25-104-014-267

Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.

6,8401

ТЖ жайылым*

9

Рсалдин Ханислам Жумажанович

25-104-014-273

Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.

44,1491

ТЖ жайылым*

10

Баязитова Шаис

25-104-014-265

Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.

65,4548

Жайылым-42,1714

ТЖ жайылым* -23,2834

11

Рахимбергенов Балтабай

25-104-014-286

Жаңаарқа ауданы,Бидайық а.о.

49,9582

Жайылым-18,8182

ТЖ жайылым *-31,1400

12

Куанышбеков Наурызбай

25-104-030-393

Жаңаарқа ауданы,Сейфуллин а.о.

11,3419

Жайылым





257,837


      *ТЖ-түбінен жақсартылған

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады