Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 178 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33308 болып тіркелген) бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері:

      құжаттарды қабылдау: 2024 жылғы 29 сәуір және 25 қазан аралығы;

      конкурсты өткізу – 2024 жылғы 10 мамыр және 30 қараша аралығы болып бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Д. Щеглова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады