Қарағанды облысы білім басқармасының "Таңшолпан" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 24/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Білім туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 және "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрықтарымен Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы білім басқармасының "Таңшолпан" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы білім басқармасының "Таңшолпан" арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. "Қарағанды облысының білім басқармасы", "Қарағанды облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады