Балқаш қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 шілдедегі № 41/334 "Балқаш қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 12/104 шешімі

      Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Балқаш қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 шілдедегі №41/334 "Балқаш қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5988 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласы мәслихатының төрағасы А.Муслымов

  Балқаш қалалық мәслихатының
2024 жылғы 29 наурыздағы
№12/104 шешіміне
қосымша
  Балқаш қалалық мәслихатының
2020 жылғы 27 шілдедегі
№ 41/334 шешіміне
2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Балқаш қаласының келесі нысандарында 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) темір жол, су, әуе және автомобиль көлігі;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының резиденциясы;

      5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады